Актер Леонардо Ди Каприо Paramount Pictures компаниясымен бірігіп, неміс концерні тарихындағы жанжал туралы фильм түсіреді.
Олар Джек Эвингтің Volkswagen-де таяуда шыққан жанжал туралы жазып жатқан кітабын экрандау құқығын сатып алды, деп хабарлайды The Hollywood Reporter. Естеріңізге сала кетсек, өткен айда немістің көлік концернінің әрекеті әшкереленді. АҚШ жүргізген тергеуге сәйкес, компания көліктерінің қоршаған ортаға шығаратын улы қалдықтары мөлшерін қасақана төмендетіп көрсетіп келген.
Дереккөз: 24.kz