Түркия президенті Ржеп Тайып Ердоған ел билігі 10 қазан күні Анкарада болған жарылыстарды Сириядан келген содырлар жасаған болуы мүмкін делінетін барлау деректерін алғанын мәлімдеді. Жарылыстардан 97 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған.
Ердоғанның сөзінше, тергеушілер "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларының Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы болуы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр.
Түркия президенті кейбір саясаткерлердің солшыл оппозиция жақтастары мен күрд белсенділерін нысанаға алған шабуылдарға биліктің қатысы болуы мүмкін деген ұйғарымын жоққа шығарды. Ердоған президент жанындағы мемлекеттік бақылау кеңесіне жарылыстарға арнайы тексеру жүргізуді тапсырғанын айтты. Бұл органның тергеу шаралары құқық қорғау органдарының тергеуімен қатар жүреді.
Дереккөз: azattyq.org