Атырау, 26 қараша 05:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Гаага соты Ресей мен Грузия әскери қылмыстарын тергемек

2 285 просмотра

Халықаралық қылмыстық сот прокуроры Фату Бенсуда 2008 жылғы тамыз айында Ресей мен Грузия арасында болған қысқа мерзімдік соғыстағы екі ел әрекетін, оның ішінде бітімгерлік күштерін өлтіру мен бейбіт азаматтарға шабуыл жасалуына қатысты тергеу жүргізетінін мәлімдеді.

Бенсуда тергеу бастайтыны туралы Грузия өз әскерінің қылмыс жасағанына қатысты тергеуді тоқтатты деген хабардан соң білдірді. Халықаралық сот Грузия мен Оңтүстік Осетия күштерінің де бітімгерлік күштеріне шабуыл жасағанына айғақтар барын айтады.

Халықаралық сот прокурорлары бұған қоса соғыста Оңтүстік Осетия билігі жүргізген «күштеп қоныс аударту» кампаниясы салдарынан этникалық 113 грузин қаза тауып, 18 мың 500 грузиялық үйлерінен айырылғанына дәлел бар дейді.

«Қақтығыс аймағында этникалық грузиндер кем дегенде 75 пайызға азайған және жасалған қылмыстарға Ресей қарулы күштерінің қатысы болуы ықтимал» дейді прокурорлар.

Фату Бенсуда ресейшіл Оңтүстік Осетияның Ресей қолдайтын сепаратистері қылмыстарын « ерекше қаталдықпен және алалаушылықпен жасаған» дейді.

Дереккөз: azattyq.org

14 қазан 2015, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.