Атырау, 21 желтоқсан 22:54
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда хоккей маусымы басталды

3 065 просмотра



Естеріңізге салсақ, жазда «"Атырау Барыстары" спорттық ойын түрлері бойынша клубы» КМК құрамынан бөліну жолымен жаңа «Бейбарыс-Атырау» хоккей клубы құрылған болатын Жаңа клуб, ескі бапкер» мақаласын қараңыз). Сонымен қатар, Мұз сарайы мұз қатыру проблемаларына байланысты маусымның ашылуына дайын болмады. Сарай қызметкерлерінің айтуынша, бұл қабылдау-тапсыру рәсімдері кезінде мұз қатыру машиналарының ПИН-кодтары жоғалып, ұзақ уақыт жұмыс жасамай тұрған.

Нәтижесінде ресми түрде өз алаңында өткізілген деп тіркелген матчтарды (павлодардың «Ертісі» мен Петропавловскінің «Құлагерімен» болған ойындар) «Бейбарыс-Атырау» бейтарап алаңда – Астанада өткізді. Жалпы 7 турдан (14 матч) кейін командамыз 22 ұпаймен турнир кестесінде 6-орында тұр.

«Бейбарыс-Атырау» ХК директоры Нұржан ӨТЕПБАЕВТЫҢ айтуынша, мұз алаңының мәжбүрлі жұмыссыз тұрған уақыты босқа кетпеген: душ бөлмелері жөнделіп, асхана салынды, жүлделер бұрышы жабдықталып, «Хендай» автобусы команда символикасымен әрлендірілген.

Хоккей маусымының ашылуында сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН «“Бейбарыс" командасы мен оның жаттықтырушысы Александр ИСТОМИН – синоним сөздер» деп атап өтті (Истоминнің басшылығымен команда екі рет ел чемпионы және екі рет күміс жүлдегер атанды).

Ашылу рәсімінен кейін «Бейбарыс-Атырау» және «Теміртау» командалары арасындағы бірінші матч өтті. Ойын тартысқа толы болды. 13-минутта қонақтар есеп ашып (Дмитрий КОЗЛОВ), осы есеп ойын аяғына дейін сақталды. «Бейбарыс-Атырау» 0:1 есебімен ұтылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

13 қазан 2015, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.