Атырау, 18 мамыр 19:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жеті дүкенді тонады

2 020 просмотра

Азаттық даңғылында тұратын 20 жастағы қала тұрғыны бірнеше азық-түлік дүкендеріне ұрыға түсті деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол Атырау қаласында жалғыз өзі жасаған жеті ұрлық және Құлсары қаласында 20 жастағы сыбайласы екеуі жасаған екі ұрлық фактісі бойынша айыпталып отыр. Сыбайласының жеке басы анықталды, қазір оны ұстау шаралары жүріп жатыр.

Барлық ұрлық оқиғалары бір сарында жасалған: күдіктілер түнде күзетілмейтін дүкенді таңдап, оған терезе арқылы кіріп, қолдарына түскеннің барлығын – Activ карточкасын, азық-түлік түрлерін алып, кассалар, төлем терминалдарын бұзып, қолма-қол ақшаны ұрлаған. Осы тоғыз эпизодтардың бірінде қылмыскер Сырым Датұлы көшесіндегі букмекерлік кеңсені тонаған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қазан 2015, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.