Атырау, 26 қараша 05:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресейлік зымырандардың салдарынан әуе компаниялары ұшу маршрутын өзгертуі мүмкін

1 725 просмотра

Ресейдің Сирия бүлікшілерін шабуылдау үшін пайдаланатын қанатты зымырандары бірқатар әуекомпанияларының ұшу маршруттарының өзгеруіне алып келуі мүмкін. Бұл туралы «Қамшы» порталы Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Авиациялық қауіпсіздік бойынша еуропалық агенттік Каспий теңізіндегі «Исламдық мемлекет» тобының позициясына бағытталған ресейлік зымырандардың Ирак пен Иран астындағы әуе компаниялары қолданатын кеңістікті еріксіз кесіп өтіп жатқандығы туралы мәлімдеген болатын. Дегенмен, агенттік әуе тасымалдаушыларын осылайша ескерткенімен олар үшін арнайы ұсыныс-кеңестерінің жоқтығы туралы да атап өтті.

Өткен сәрсенбінің өзінде Ресейлік Каспий флотилиясының әскери кемесі Сириядағы мақсатты позицияға 26 зымыран бағыттаған болатын. Ресейлік Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, олардың барлығы асқан дәлдікпен ерекшеленген.

Дереккөз: qamshy.kz

13 қазан 2015, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.