Израильде қатарынан бірнеше теракт болды, - деп хабарлайды BBC.
Иерусалимде ер адам автомобилін автобус аялдамасында тұрған бір топ адамға қарай айдап, кейін көлігінен түсіп, оларға пышақпен шабуылдады. Кемі 8 адам жарақаттанды. Полиция ер адамның палестиналық екенін хабарлады.
"Газета.Ru" тағы бір аудандағы автобуста болған атыстан бір адам қаза тауып, 17 адамның жарақаттанғанын жазды. Раанана қаласында шабуылдан төрт адам зардап шекті, осы қалада белгісіз жағдайда тағы бір адамның зардап шеккені анықталды. Полиция барлық террорлық акті деректері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, соңғы аптада Израильде палестиналықтардың өткіншілерге шабуылдау дерегі көп тіркелді. Өткен сенбіде Иерусалимде ер адам үш полицейді пышақтап тастады.
Дереккөз: tengrinews.kz