Playboy жалаңаш қыздардың суретін жариялауды тоқтатады, - деп хабарлайды The New York Times.
Журналдың беттерінде еліктіргіш позалардағы қыздардың суреті болады. Бұл шешімді журналдың негізін қалаған Хью Хефнер мақұлдапты. Басылым жаңа дизайнымен келесі жылдың наурызында шығуы тиіс.
Басылымның өкілінің мәліметінше, журнал өзінің "жеңістерінің құрбаны болған", ендігіде интернеттің әрбір қолданушысы қандай да бір сексуалдық парақшаға бір ғана кликпен өте алады.
Еске салайық, Playboy журналы 1953 жылы құрылды. 1975 жылы ол 5,6 миллион данамен таралды, қазіргі уақытта журнал 800 мың ғана данамен таралады.
Дереккөз: tengrinews.kz