Жұма мен жексенбі күндері аралығында Атырау қалалық ІІБ жол-патрульдік қызметі той кортеждерінің жүргізушілері мен жолаушылары арасында заң бұзушыларды анықтау мақсатымен тексеру жүргізді.
Нәтижесінде 39 бұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 188 290 теңгеге айыппұл салынды (бұл айыппұлдың заңбұзғандар бір аптаның ішінде төлеуге тиіс 50 пайызы, егер төлемесе, қалған жартысы қосылады). Келесідей бұзушылықтар тіркелді: терезені толық тұмшалау – 14, жол белгілері талаптарын орындамау – 8, көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізу – 4, жылдамдықты асыру – 3, қауіпсіздік белдігін тақпау – 6, қарсы жолаққа шығып кету – 1, көліктің жалған нөмірі – 1, ұсақ бұзақылық – 2.
Жалған нөмірді қолданған жүргізуші тойда жүрген екі көліктің тіркеу нөмірін ауыстырып қойған. Ұсақ бұзақылық бойынша полиция Неке Сарайының артында дәрет сындырған екі шаферге хаттама толтырды. Бұл материалдар қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізушінің ісімен бірге сотқа жіберілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ