Экономика бойынша Нобельді еске алу сыйлығын ағылшын-америкалық ғалым Энгус Дитон "кедейлік және ауқаттылық, тұтыну анализі" жұмысы үшін алатын болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Биыл Нобель сыйлығының экономика саласындағы жүлдесі 8 миллион швед кроны (953 мың АҚШ доллары) болды. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Стокгольмде дәстүрлі түрде 10 желтоқсанда, швед кәсіпкері әрі өнертапқышы Альфред Нобель қайтыс болған күні өтеді.
Айта кетейік, экономика саласындағы Нобель сыйлығы 1968 жылы тағайындалды, жеңімпаздардың ақшалай сыйақысына Швецияның мемлекеттік банкі жауапты. Нобельдің өзі тек бес жүлде ғана тағайындаған болатын: физиология немесе медицина, физика, химия, әдебиет және бейбітшілікті нығайту. 2013 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығын америкалықтар - Питер Хансен, Юджин Фама және Роберт Шиллер "активтер құнына эмпириялық талдау жасағаны" үшін алған болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz