Атырау, 26 қараша 05:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Беларусь ОСК: Лукашенко 83,49 пайыз дауыс жинады

2 645 просмотра

Беларусь президенті Александр Лукашенко 11 қазанда өткен президент сайлауының алдын ала ресми қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, Лукашенконы сайлауға қатысқандардың 83,49 пайызы қолдап дауыс берген. Сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 86,7 пайызы қатысқан.

Сайлау күні Лукашенко 2010 жылғы президент сайлауындағыдай 79,65 пайыздан аз дауыс жинау өзі үшін "жақсы нышан" болмайтынын мәлімдеген. 2010 жылғы сайлаудан кейін оппозиция дауыс беру нәтижелеріне қарсылық танытып, митингіге шығып, оны билік қатаң түрде басып тастаған еді.

Лукашенкоға қарсылас үш үміткердің екеуі ресми мәлімет жарияланбай тұрып-ақ оны жеңісімен құттықтап тастады. Орталық сайлау комиссиясы үміткер, «Говори Правду» азаматтық қозғалысы белсендісі Татьяна Короткевич 4,42 пайыз дауыс алғанын, сайлаушылардың 6,5 пайызы барлық үміткерге қарсы дауыс бергенін айтады.

Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін шаммен 200 адам Минск орталығында демонстрация өткізді. Оған қатысқандар қолдарына Лукашенконың билігін диктатура деп атаған жазуы бар плакат ұстап шықты.

Дереккөз: azattyq.org


12 қазан 2015, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.