Атырау, 26 қараша 05:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қырғызстанда түрмеден 9 экстремист қашып кетті; колонияның үш қызметкері өлтірілді

1 881 просмотра

Алматы. 12 қазан. ҚазТАГ– Қырғызстанда түрмеден 9 экстремист қашты; колонияның үш қызметкері өлтірілді, деп хабарлады ҚырТАГ.

«12 қазанға қараған түні Шу облысының Төменгі-Нооруз айылында орналасқан №50-колонияда сотталғандар түрмеден қашты (9 адам). Олар түрмеден қашу барысында колонияның үш қызметкерін өлтіріп кетті, тағы бір қызметкер ауыр жарақат алды», - делінген жазаны атқару мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Сонымен қатар түрмеден қашып жатқандардың біреуін постыдағы жауынгер жаралады.

Одан басқа, қылмыскерлер автокөлік алып қашып, сонымен жасырынып кеткен.

ІІБ қызметкерлерінің іздестіруі барысында қылмыскер қашқан автокөлік табылды. Қашқан тоғыз адамның бесеуі ұсталды, оның ішінде жарақат алған тұтқын да бар. Ол ауруханаға жеткізілді. Еркіндікте тағы төрт қылмыскер қалып отыр.

Қазір тиісті мемлекеттік органдарымен шұғыл іздестіру шаралары жүргізіде, «Перехват» («Қармап қалу») жоспары жарияланды.

Ведомства мәліметтерінше, қашқандардың екеуі өмір бойына сотталғандар, тағы екеуі тергеуде жатқандар. Олардың барлығы да діни экстремизм үшін сотталғандар болатын.

Дереккөз: ҚазТАГ

12 қазан 2015, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.