Алматы. 12 қазан. ҚазТАГ – Мәскеуде терактінің жолын кесті: қуаты тротил баламасымен, шамамен, 5 кг болатын жарылғыш құрылғыны ұялы телефон арқылы іске қосу жоспарланған, деп хабарлады РБК.
«Мәскеудің орталық әкімшілік округында Ресей астанасында теракті жасамақшы бірнеше адам ұсталды.Олардан жарылғыш қондырғы алынды», - делінген жарияланымда.
Хабарда айтылғандай, күдіктілер ұсталған пәтерден арнайы қызмет мамандары алған жарылғыш құрылғы сенбі күні Анкарада қолданылған жарылғыш құрылғыға ұқсас екен.
«Айырмашылығы, Түркияның астанасында жанкешті терроршылар әрекет етсе, бұл жағдайда қуаты тротил баламасымен, шамамен, 5 кг болатын жарылғыш құрылғыны ұялы телефон арқылы қашықтықтан іске қосу жоспарланған», - деп хабарлайды РБК.
Терактіні дайындауға қатысы бар деп 10 адам ұсталды, олардың басым көпшілігі Орта Азия елдерінің азаматтары.
Алдын ала мәліметтер көрсеткендей, теракті мақсаты метрополитен, әуежайлардың бірі немесе басқа да халық көп жиналатын орын болуы керек екен.
Бұл ретте күдіктілердің ізіне шығуға жергілікті тұрғын әйелдің үйге кіреберісте бейтаныс ерлер арасындағы әңгімеде «детонатор» деген сөзді кездейсоқ естіп қауы көмек болыпты.
Еске салсақ, 10 қазанда Түркия астанасында, орталық темір жол вокзалына апаратын эстакада маңында, арасына бірнеше секунд салып екі жарылыс орын алды. Ол жерде кәсіподақ бірлестіктерінің белсенділері Анкарадағы курд терроршыларының әрекеттеріне қарсы бейбітшілікті қолдау митингісіне қатысу үшін жиналып жатқан.
Соңғы мәліметтер бойынша теракті құрбандарының саны 120 адам болды, зардап шеккендерінің саны 200 адамнан асады. Зардап шеккендер арасында 9 полицей де бар.
Терактіні ұйымдастырушылар ретінде Түркия билігі «Ислам мемлекетінен» күдіктеніп отыр.
Республика премьер-министрі Ахмет Давутоглу елде үш күндік аза тұту күнін жариялап, бұл терактіні «түркиялық демократияға» жасалған шабуыл деп атады.
Дереккөз: ҚазТАГ