Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда қарулы қақтығыс болды

2 859 рет қаралды

2 қазанда шамамен сағат 18.00-де Кольцов көшесі маңындағы жағалауда атыс қару қолданылған төбелес болды. Қылмыстық оқиға туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлаған жоқ. Ақпаратты өзге дереккөздерден алудың сәті түсті.

Үш ер адам зардап шеккен, барлығының жасы 25-30 аралығында. Біреуі аяғынан бытырамен жарақаттанған. Дәрігерлер бытыраның барлығын ала алмады. 9 қазанда оны облыстық ауруханадан амбулаториялық емдеуге шығарылды.

Зардап шеккендердің екеуі қатты соққы алған. Біреуінің миы шайқалып, төменгі жағы сынған, екіншісінің басы жарылған. Оған Қарағандыдағы клиникада ауыр операция жасау үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қазан 2015, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.