Атырау, 26 қараша 05:57
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

NASA аппараттары Плутонда көк аспанды, ал Марста көл іздерін байқады

1 527 просмотра

NASA ғалымдарының қолындағы деректер Плутонның аспаны Жердікі секілді көк, ал Марста ұзақ уақыттар бойы көлдер бар болғанын білдіреді, деп хабарлайды РИА Новости америкалық ғарыш агенттігініе сілтеме жасап.

АСТАНА, 9 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. NASA ғалымдарының қолындағы деректер Плутонның аспаны Жердікі секілді көк, ал Марста ұзақ уақыттар бойы көлдер бар болғанын білдіреді, деп хабарлайды РИА Новости америкалық ғарыш агенттігініе сілтеме жасап.

New Horizons ғарыш зондынан алынған деректерге сәйкес, Плутонның атмосферасында көк түсті мұнар байқалады. Зерттеушілердің пікірінше, бұл әсер планета атмосферасында толин сияқты органикалық бөлшектерінің болуымен байланысты. Бөлшектер сұр немесе қызыл болып келеді, алайда олардың көлемі бақылаған кезде Плутонның атмосферасы көк секілді көрінетіндей күн сәулесін көрсетуге мүмкндік береді.

Ғарыш агенттігі зерттеушілерінің басқа тобы Curiosity марсоходының Қызыл планетада ертедегі көлдерің тапқанын хабарлады. Ғарыш ведомствосының қызметкерлері айтып кеткендей, әлдебір уақыттарда Гейл кратерін су басып жатқан. Оның диаметрі 154 км құраған. Зерттеушілер қызыл ғаламшардағы теңіздер тіршіліктің пайда болуына жеткілікті уақыт бойы болған деп болжауда.

Curiosity жобасы жетекшілерінің бірі, Калифорния технологиялық институтының ғалымы Джон Гротзингердің айтуынша, кратерде жауын-шашын қалдықтары мыңдаған жылдар бойы сақталып келген, мұның өзі теңіз болды деген болжамды растай түседі. Ол сулар жаңбыр немесе таудағы мұздықтардың еруі салдарынан түзілуі мүмкін.

Дереккөз: newskaz.kz

9 қазан 2015, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.