8 қазанда Атырауда күрт салқындық түсті. «Қазгидромет» РМК қызметкерлері 9-ына қараған түнде келесі ауа температурасын тіркеді: Атырау қ. – 3 градус, Пешной түбегі – 3, Ганюшкино ауылы – 5 градус, Сағыз ауылы – 5 градус салқын.
«Атырау жылу желілері» АҚ бізге хабарлағандай, осы уақытқа дейін Атырау қаласындағы барлық білім беру және денсаулық сақтау нысандарына және тұрғын үйлердің үштен біріне ғана жылу қосылды.
Жылу берушілердің айтуынша, көптеген ПИК өкілдері қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВТЫҢ 5 қазанға дейін барлық үйлер мен нысандарғы жылу қосу туралы өкімін орындаған жоқ.
Мұның екі себебі бар – қысқа дайын болмау және тұрғындардың жылу үшін 10 күн артық төлем жасаудан бас тартуы (Атырау қаласында жылу беру маусымы 15 қазанда басталады).
- ПИК-тің рұқсатынсыз біз үйлерге жылу қоса алмаймыз, - дейді жылу берушілер.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ