Көрнекі суретОсы күзде мерзімді әскери қызметке 18-27 жас аралығындағы 700 атыраулық жігітті жіберу жоспарлануда. Алғашқы жөнелту күні – 20 қазан.
Атырау облыстық қорғаныс істері департаментінің бөлім басшысы Андрей БЕЛЯЕВТЫҢ айтуынша, әскери бөлімдерге сарбаз жіберу эксаумақтық және аумақтық қағида бойынша жүргізіледі. Бөлу кезінде болашақ сарбаздардың шақыртуға дейін алған білімі, физикалық және моральдық-психологиялық дайындығына назар аударылады.
Осы күзде мерзімдік қызметке барлығы кейін шегеру немесе шақыртудан босату құқығы жоқ 12 мың қазақстандықты жіберу жоспарланған.
Анастасия ПАСТУХОВА