Атырау, 26 қараша 03:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Газпром»: «Түрік ағымы» жобасы мерзімі кейінге шегеріледі

2 474 просмотра

Image 0Ресейлік «Газпром» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Александр Медведев.Ресей Сириядағы жанжалға киліккен соң Анкара мен Мәскеу арасына кірбең түсіп отырған шақта Ресейдің газ өндіретін алпауыты – «Газпром» компаниясы «Түрік ағымы» газ құбыры жобасын жүзеге асыру мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін деп мәлімдеді.

«Үкіметаралық келісім жасалмағандықтан, ол мерзім кейінге шегеріледі» деп мәлімдеген сәрсенбіде Мәскеуде журналистерге «Газпром» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Александр Медведев. Ол жобаға кірісу мерзімі құжатқа қол қоюға байланысты екенін айтқан. «Егер бір жылға шегеріліп жатса, онда еш қорқыныш жоқ» деген Медведев жобаны жүзеге асыру мерзімін жылжытуға «саяси шиеленіс әсер етіп отырмағанын» атап өткен.

Ресейдің Сириядағы нысаналарға, соның ішінде «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы мен Түркия қолдау көрсетіп отырған сириялық оппозицияға қарсы әуе шабуылдарын жасауы ресми Анкараның наразылығын туғызған. Түрік билігі Сириядағы ресейлік әуе шабуылы операциясын «үлкен қателік» деп атаған. Осы аптада ресейлік әскери ұшақтар Түркия әуе кеңістігін екі рет бұзғаны хабарланды. НАТО ұйымына мүше Түркия бұған наразылық білдірді. Өткен айда, Сирияға әуе соққылары басталғанға дейін, Ресей сататын газ бағасына қатысты келіспеушіліктерге қарамастан, Түркия мен Ресей «Түрік ағымы» газ жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға келіскен еді.

Дереккөз: azattyq.org

8 қазан 2015, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.