Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ұрыға полицей киімі ұнаған

6 030 рет қаралды

Image 0Қамауға алынған жалған полицей7 қазан күні 23.30-да Атырау қаласы, Привокзальный, 5 ықшамауданында патрульдік полиция көшедегі адамдарға тиісіп жүрген полиция аға лейтенанты формасындағы ер адамды байқайды.

Тексеру барысында ол куәландыратын құжаттарын көрсете алмады, оны қалалық ІІБ-на жеткізді. Ұсталған азаматтың 19 жаста екені, Батыс Қазақстан облысынан келгені және полицияға еш қатысы жоқ екендігі анықталды.

Сараптама «киініп» алған адамның орташа дәрежеде мас болғанын көрсетті. Онымен қоса ол бұрын Атырауда жасалған үш ұрлыққа қатысты күдікті ретінде іздеуге жарияланған болып шықты. Форманы қайдан алғаны туралы сұраққа «тауып алдым» деп жауап қайтарды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қазан 2015, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.