Атырау, 26 қараша 03:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ФИФА президенті Блаттер 90 күн қызметінен шеттетіледі

1 487 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) Этика бойынша комитеті сәрсенбі күні Цюрих қаласында жиналып, федерация басшысы Йозеф Блаттерді сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау үшін 90 күн қызметінен шеттеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Известия газеті.

Басылымның жазуынша, бұл ақпаратты британиялық Guardian газетіне Блаттердің кеңесшісі Клаус Штелкер жеткізген.

Швейцария Бас прокуратурасы 24 қыркүйек күні қызметін асыра пайдаланды, сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікпен Блаттердің үстінен қылмыстық іс қозғады. Маусым айында 79 жастағы Блаттер қызметінен кететінін мәлімдеген. Жоспар бойынша, оның өкілетті мерзімі 2016 жылдың ақпан айы, яғни кезекті президент сайлауына дейін жетуі керек болған.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың мамыр айында Цюрихте Швейцария Бас прокуратурасы мен АҚШ Федералды барлау бюросы агенттері ФИФА-ның атқару комитетінің бірқатар адамдарын сыбайлас жемқорлыққа қатысты деген күдікпен тұтқындаған болатын.

Дереккөз: inform.kz

8 қазан 2015, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.