Атырау, 29 қараша 03:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жер тек аукционда сатылады

4 138 просмотра

Image 0Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВЖер телімдерін аукциондар арқылы ұсынудың жаңа ережелері өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы отырыста талқыланды.

«КҮМӘНДІ ТЫНЫШТЫҚ»

Жер заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен қосымшалар 2015 жылдың басында күшіне енді. Енді жер жеке меншікке немесе жалға ашық аукциондар өткізу арқылы ғана беріледі. Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер бойынша директорының орынбасары Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВТЫҢ айтуынша, содан бері осы салада беймәлім тыныштық орнады, бұл «күмән туғызады».

Қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Руслан ДӘУЛЕТОВТЫҢ айтуынша, жыл басынан бері жер телімдерін жалға алу бойынша 3 аукцион өткізілген. Біріншісі 29 сәуірде өтіп, 29 лот – жеңіл құрылғылар, яғни, батуттар мен аттракциондар орнататын жер телімдері аукционға қойылды. Бастапқы бағасы барлығы 16 мың 211 теңге тұратын 24 лот 3 млн 661 мың теңгеге, яғни, бастапқы құнынан 225 есе қымбат бағамен кетті.

23 маусымда екінші аукцион өткізіліп, 17 лот қойылды және оның тек төртеуі кетті. Қалған лоттар кері аукционға салынды. Қалалық мәслихаттың қыркүйектегі сессиясында депутаттар аукционға тағы 36 жер телімін қою ұсынысын қолдады. Байқау 27 қазанда Байжігітіов көшесі, 80 «а» мекенжайында орналасқан Балықшы әкімдігінің ғимаратында өтеді. Аукциондар ашық режимде өтеді және оған кез келген адам қатыса алады.

Руслан Дәулетов айтқан лоттардың өте төмен бағасы қатысушыларды таңғалдырды, алайда ол телімдерді 2 жылға жалға беру құны олардың кадастрлық құнына байланысты шығарылған.

Күрделі құрылыс салатын жер телімдері алдымен 2 жылға, яғни, құрылыс кезеңіне жалға беріледі. Адамдар алдымен жер телімін жалға алу құқығын сатып алады және оны игеріп болғаннан кейін ғана жеке меншікке сатып алуына болады. Бұл жағдайда кері аукцион өткізілмейді. Егер жалға алушы дәлелді себептермен 2 жылда нысанды салып болмаса, жалға беру мерзімін ұзартуға өтініш бере алады.

- Жаңа ережелер бойынша жерге жеке меншік құқығы оған салынып, қолданысқа берілген нысанға қабылдау актісі алынғаннан кейін ғана беріледі, - деп растады облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Сабырбек НҰРЫШЕВ.

ӨЗІНЕ ДЕ, ӨЗГЕГЕ ДЕ ЖОҚ

- Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағында мемлекеттік меншіктегі жер телімдерін жеке меншікке немесе телімдерді жалға алу құқығын беру инвестициялық жобаларды жүзеге асыру сияқты ерекше жағдайларды қоспағанда сауда-саттықпен жүзеге асырылады деп көрсетілген. Ал «инвестициялық жоба» деген сөзді қалай түсінеміз? Табыс алуға салынатын кез келген салым ба, әлде қандай да бір ерекше жобалар ма? Бізге бұл сұраққа ешкім жауап бере алмайды, - деді аудандық кәсіпкерлер палатасының бірінің өкілі. – Бізде кәсіпкерлердің жерді аукционсыз алғысы келген оқиғалары кездесті, алайда олардан инвестициялық жобаны жүзеге асырайын деп отырғанын растайтын құжат сұрайды. Ал оны ешкім бермейді.

- Бізде үдемелі индустриалық-инновациялық даму және «Бизнестің жол картасы-2020» қолданыстағы бағдарламалары, сондай-ақ, инвестициялық жобаларға қолдау көрсететін өкілетті органдар бар. Әкімдіктерде осындай жобаларды қарайтын сараптамалық кеңес жұмыс жасайды, - деді Р. Дәулетов.

Алайда, С. Жолдыбаевтың пікірінше, өкілетті органдардан «инвестжоба» түсінігін қалай түсінуге болатынына нақты анықтама алуға қол жеткізу керек және палата алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жүргізбек.

Кәсіпкерлерді толғандыратын тағы бір өзекті мәселе – бұл бірнеше жылдан бері бір сызбамен жүргізіліп отырған жерді мемлекет меншігіне қайтару үдерісі: прокуратура әкімдік үстінен талап-арыз береді, сот жер заңсыз берілген деп таниды. Сот шешімімен жер мемлекет меншігіне көшеді.

Image 1Кәсіпкер Нағима ШАЙХИСЛАМОВАКәсіпкер Нағима ШАЙХИСЛАМОВА «Шалқыманың» артынан жер телімін алған, бәрін заң жүзінде ресімдеген, қолына барлық құжаттарын, тұрақты мемлекеттік актісін алған. Алайда жер берерде алғашқы иесінің мекенжайын жазғанда қате жіберген деп жерін тартып алған. Құжат бойынша жер Азаттық даңғылы, 123 үйдің маңында, ал іс жүзінде №131 үйдің маңында. Үш жылдан бері Шайхисламова осы жерді өзіне қайтара алмай жүр. Осы уақыт ішінде бұл жерді игеріп жатқан адам жоқ, кәсіпкердің айтуынша, бұл жерге қамыс өсіп кеткен. Сөзін растау үшін фото суретін көрсетті.

Облыс бойынша мұндай мысалдар жеткілікті деп атап өткен өңірлік кәсіпкерлер палатасы осы мәселелермен дұрыстап айналысуға сөз берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

8 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.