Атырау, 29 қараша 03:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Велосипедшілер жолы ашылды

2 988 просмотра

Қала күніне орай көптен күткен велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған жол ресми түрде ашылды.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған деректер бойынша, әуежайдан Сәтпаев даңғылына дейін Әбілхайыр хан даңғылы бойымен тартылған еуропалық стандарттар бойынша салынған жолдың ұзындығы – 4,6 шақырым. Асфальт жабындының жалпы ауданы 23,5 мың шаршы метрді құрады. Велосипед жолдың ені 3,5 метр, жаяу жүргіншілер жолының ауданы - 6 930 шаршы метр, ені - 1,5 метр; ортасындағы велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер жолын бөліп тұрған аралықтың ені 0,5 метр. Жаяу жүргіншілер жолы мен велосипедшілер жолының бойына заманауи үлгідегі күн көзінен қуат алатын 113 дана түнгі жарық шамдары орнатылған.

Бұл жобаға қала бюджетінен 326, 6 млн теңге қаржы бөлінді. Ашық электронды конкурс қорытындысы бойынша аталған жұмыстарды іске асыру мердігер мекеме «Атырауинжстрой» ЖШС-не жүктелді.

Жолды сынақтан өткізу құрылыс жүріп жатқан уақытта жүргізілді. Қыркүйек айы бойы велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер, ішінде өзім де бармын, жол үстімен талай жүрдік. Енді жарық қосып, автожолмен қиылысу жерлеріне жол белгілерін орнатып, жолақтар жүргізгеннен кейін бұл жолды пайдаланушылар көбейері сөзсіз.

Менің жеке пікірім бойынша, бұл соңғы бірнеше жылда қала және қалалықтар үшін салынған ең үздік нысан болар. Біз қаланың қарапайым адамдарына арналған заманауи, тұрмысқа қолайлы өмірге бір қадам жақындағандаймыз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.