Атырау, 29 қараша 03:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Теңіз қамысы өртеніп жатыр

2 639 просмотра

ТЖД баспасөз қызметінің деректері бойынша, Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округінде теңіз жағасындағы қамыс өртеніп жатыр. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

«26 қыркүйектен бергі кезеңде «ҚазӘуеҚұтқару» АҚ-тың ВСУ-5А су құю құрылғысы орнатылған МИ-8 тікұшағы теңіз жағалауының “Ленкоса", “Нива", “Барсучи", “Мальцев", “Комсомольск" учаскесіндегі өрт ошақтарына 119 рет су лақтырды. Барлығы 357 тонна су құйылды», - дейді облыстық ТЖД баспасөз бетшесінде.

Өртпен күрес жер үсті күштерімен жүргізілуде. Бір өрт сөндіру көлігі, УАЗ базасына салынған пикап және Құрманғазы аудандық ТЖ бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан жиырма адам жұмылдырылды. Алайда бұл учаскенің жерлері балшық болғандықтан, техника өрттің кейбір ошақтарына жете алмайды. «Өрттің Астрахан облысы Володар және Красноярск аудандарының аумағына тарау қаупі жоқ, өйткені өрттің таралуына Шароновка мен Қиғаш өзендері кедергі келтіреді», - деп хабарлады ТЖД.

Дегенмен, Астрахан облысының губернаторы Александр ЖИЛКИН бұл мәселе туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВПЕН сөйлесті. Атырау облысының әкімі әріптесін өрт жақын әзірде сөндірілетініне сендірді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қазан 2015, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.