Атырау, 26 қараша 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресей: Каспийден Сирияға 26 зымыран атылды

2 311 просмотра

Image 0Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен қорғаныс министрі Сергей Шойгу.Сәрсенбі күні Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Каспий теңізіндегі флотилия кемелерінен Сириядағы «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымының позицияларына 26 соққы жасалғанын мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде қорғаныс министрі Сергей Шойгу Каспий теңізіндегі флотилияның төрт кемесінен Сириядағы «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымының позицияларына 26 қанатты зымыран атылғанын, 11 нысанның жойылғанын хабарлады.

Шойгудың сөзінше, қыркүйектің 30-ынан бері Ресей әскерінің Сириядағы исламшылдардың 112 нысанасына соққы жасаған. Каспийдегі кемелерден жасалған соққыға президент Владимир Путин жоғары баға берді. Бірақ Сирия мен Иракта іс-қимыл жасап жатқан Батыстың әскери коалициясы, НАТО мен Түркия Кремльдің өткен аптада өз бетінше бастаған операциясын мақұлдамай, аймақтағы қақтығыстың созыла түсуіне себеп болады деп алаңдап отыр.

Дереккөз: azattyq.org

7 қазан 2015, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.