Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы АҚШ-тан Сауд Арабиясын қарумен қамтамасыз етуді тоқтатуын талап етті.
Себебі олар Йемендегі мектептер мен тұрғын үйлерде және мешіттерде жарылыс жасаған. Құқық қорғау ұйымы өкілдерінің айтуынша, шейіттерге бағытталған соққы салдарынан осы уақытқа дейін 100-ге жуық бейбіт тұрғын қаза болды. «Сауд Арабиясының әскері осы әрекеттеріне жауап беруі тиіс. АҚШ әскері де оларға сыбайлас болуы мүмкін», - дейді.
Осындай мәлімдемеден кейін Эр-Рияд бейбіт тұрғындар орналасқан ғимараттарға жарылыс жасамағанын айтып, ұйымның сөзін жоққа шығарды. Раша Мухаммад, Amnesty International қызметкері: - Мені халықаралық ұйым мен АҚШ-тың үнсіз отырғаны алаңдатады. Бұл жарылыстарды нағыз әскери қылмыс деп қарастыру керек. Мұнда халықаралық құқық бұзылып, бейбіт тұрғындар зардап шегуде. Сонымен қатар Йемен премьер-министрі Халед Бахах Ирак пен Левант лаңкестік ұйымына қарсы күресуге шақырды.
Ал лаңкестер жақында ғана оның резиденциясына жасалған шабуыл мен басқа да қастандық істерді өз мойындарына алған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, осындай шабуылдардан 20-ға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. Еске сала кетейік, бұл елде өткен жылдан бері қарулы қақтығыстар жалғасуда. Билікті «Ансар Алла» қозғалысы басып алған. Алайда бұрынғы билік Сауд Арабиясының қолдауымен оларға әлі күнге дейін қарсылық танытуда.
Дереккөз: 24.kz