Атырау, 27 қыркүйек 15:42
 дождьВ Атырау +22.9
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Мәскеу мен Вашингтон лаңкестерге қатысты ақпарат алмасуға дайын

2 244 рет қаралды

Мәскеу Ирак пен Левант лаңкестік ұйымына қарсы іс-қимылды Вашингтонмен бірлесе атқаруға қарсы емес.

Бұл туралы Ресей қорғаныс министрінің ресми өкілі Игорь Конашенко мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ-тың бірлесе жұмыс жасау ұсынысын өз ведомствасында талқылаған. Енді нақты іске көшу үшін келісімді егжей-тегжейлі қарап, талқылау ғана қалды. Сәрсенбі күні екі елдің мамандары осы істі жылдамдатуға кіріспек. Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі лаңкестерге қатысты істі бірлесе атқару үшін АҚШ-қа ұсыныс жасаған болатын.

Дереккөз: 24.kz

7 қазан 2015, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.