Алматы. 7 қазан. ҚазТАГ – Бас Ассамблеяның бұрынғы президенті Джон Эшқа пара алған деген айып тағылып отыр, деп хабарлады ресейлік БАҚ.
Хабарда айтылғандай, бас ассамблеяның бұрынғы президенті Джон Эш ұсталды, оған пайдалы инвестициялар мен мемкелісімдерді алуға көмектесу үшін қытайлық магнат пен басқа да бизнесмендерден пара ретінде миллионнан астам доллар алған деген айып тағылып отыр, Атап айтсақ, Джон Эш 500 мың доллар сыйақыға БҰҰ бас хатшысына Макаода БҰҰ мәслихат орталығының құрылысы қажет екенін куәландыратын құжаттар дайындаған. Кешеннің құрылысымен миллиардер Нг Лап Сэнганың компаниясы айналысқан. Оған қоса, ол қытайлық бизнесмендерден де $800 мыңнан астам пара алған деп күдіктелуде.
Айыптауларда айтылғандай, Д.Эш АҚШ ірі банктерінің шотына шетелдік үкімет шенеуніктерінен алған $3 млн. астам қаражатын салған.
Прокуратураның айтуынша, ол алған ақшаларына үйінің аумағында жеке баскетбол алаңын салып. отбасының Жаңа Орлеандағы сәнді қонақүйдегі демалыстарын төлеген.
Бұған дейін хабарлағандай, АҚШ-та БҰҰ-дағы жемқорлық схемасын тексеру басталған. Айып тағылып отырғандар арасында БҰҰ-дағы Доминикан Республикасы елшісінің орынбасары Фрэнсис Лоренсо, Нью-Йорктегі белгісіз коммерциялық емес ұйымның атқарушы директоры Шивей Ян, сол ұйымның қаржылық директоры Хейди Хонг Пиао бар.
Жалпы америкалық билік үш жыл бойы айласын асырып келген жемқорлық схемаға қатысы бар деген 6 адамды қамауға алды.
Джон Эш – Антигуа мен Барбуда өкілі, 2013 жылы БҰҰ бас ассамблеясының 68-ші сессиясының президенті болған.
Дереккөз: kaztag.kz