АҚШ-тың Әділет министрлігі есірткі сақтап, сатқаны үшін жазасын өтеп жатқан 6 мыңдай қылмыскерді бостандықа шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Америкалық «Нью-Йорк таймс» газетінің сайтында жарияланған деректерге сүйенген агенттік темір тордың ар жағындағы қылмыскерлер осы жылдың 30 қазаны мен 2 қарашасы аралығында еркіндікке шығатынын нақтылады.
«Зорлық-зомбылық қылмысына қатысы жоқ тұтқындар ғана бостандыққа шығады. Олардың кейбіріне уақытша баспана берілсе, енді бірі үйқамаққа алынады», - делінген ақпараттта.
Әділет министрлігінің бұл қадамға баруына федеральды абақтыларда жазасын өтеп жатқан азаматтардың шамадан тыс көптігі әсер етіп отыр. Тиісінше бұл адамдарды асырау үшін де ел бюджетінен қыруар қаржы жұмсалады. Биылғы жылдың сәуірінде АҚШ билігі есірткімен байланысты қылмыс үшін тағайындалатын жазаны біршама жеңілдеткен еді.
АҚШ әділет министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда елдің федеральды түрмелерінде 200 мыңнан аса адам жазасын өтеп жатыр. 2016 жылдың соңына қарай тұтқындар саны 12 мың адамға қысқарады деп күтілуде.
Дереккөз: bnews.kz
7 қазан 2015, 11:11
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.