Атырау, 26 қараша 03:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

БАҚ: ЕО жүздеген мың босқынды отанына кері қайтармақ

1 519 просмотра

Босқын мәртебесін беру туралы өтініштері қанағаттандырылмаған жүздеген мың мигрант алдағы бірнеше апта ішінде Еуропадан депортацияланады. Бұл туралы Times газеті қолда бар құжаттарға сілтеме жасап хабарлап отыр, деп жазады ИТАР-ТАСС.

«Егер Нигер мен Эритрея секілді елдер кәрі құрлық елдеріне экономикалық мақсатпен келген мигранттарын кері қайтаруға көнбесе, Брюссель сауда мәмілелері мен визалық келісімдерді, сонымен қатар көрсетіп отырған көмегін тоқтатып тастайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ жоспарда депортациядан жалтаруға жол бермеу мақсатында мыңдаған мигрантты қамауда ұстау жағы қарастырылған», - деп атап өткен басылым жоғарыда аталған елдердің азаматтарына Ауғанстан, Ливия және Сирия тумалары да қосылуы мүмкін екенін болжады.

Шенген аймағына кірмейтін Ұлыбритания мигранттарды депортациялау процесіне қатыспайды, алайда британдық ІІМ басшысы Тереза Мэй «бұл шара Францияның Кале қаласындағы лагерьді босқындардан тазартуға сеп болса, онда бұл бастаманы қолдауға қарсы еместігін» айтты.

Дереккөз: bnews.kz

7 қазан 2015, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.