Toyota концернінің жол талғамайтын джиптері ТГИЛ содырларының дәстүрлі көлігіне айналған сыңайлы. Себебі лаңкестік ұйымның Сирия, Ливия, Ирак жерінде түсіріп, жариялаған роликтерінде олар тек Toyota көліктеріне мініп, әрі-бері кес-кестеп жүреді.
Осыған байланысты АҚШ билігі жапондық көлік өндірушісінен лаңкестердің су жаңа Toyota джиптерін тұрақты түрде қалай алып жатқандығын сұрап, ресми хат жолдады. Бірақ концерн бұл сауалға нақты жауап қайтара алмаған. Есесіне жапондықтар өз өнімінің лаңкестерге қандай жолмен жетіп жатқанын тергеуге барынша ат салысатынын айтыпты, деп жазады russian.rt.
Дереккөз: 24.kz