Атырау, 26 қараша 03:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Грозныйда қызды биге шақыруға тыйым салды

1 349 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грозный қаласының басшысы Муслим Хучиев шешен тойларындағы дәстүрлі емес қылыққа тыйым салатын өкімге қол қойды.

Құжатқа қол қойылған сәттен бастап Шешенстан астанасында тойларға мас күйде келуге, қаруды пайдалануға және той тортын кесуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, билеу кезінде қолды созған кездегі қашықтықтан жақындамау шарт. Сонымен қатар тойға шешен менталитетіне сәйкес келмейтін киім киіп келуге болмайды. Қызды биге шақыруға тыйым салынды.

"Нохчийн ловзар" дәстүрлі шешен тойына қойылатын талаптар Шешенстан Республикасы жастарының рухани тәрбиелеу мен дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін бекітілді. Оны 2013 жылы ақпанда республика басшысы Рамзан Қадыров бекіткен болатын.

Дереккөз: inform.kz

7 қазан 2015, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.