АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Беларусьте президенттік сайлауда мерзімнен бұрын дауыс беру басталды, деп хабарлайды БЕЛТА. Жоғары мемлекеттік қызметке кандидаттардың біріне 10 қазанға дейін алдын ала дауыс беруге болады.
Елдің ішінде құрылған жалпы учаскелерде мерзімінен бұрын дауыс беруге, шет елдерде де дауыс беруге болады.
Беларусь заңнамасында мерзімінен бұрын дауыс беру комиссияның кем дегенде екі мүшесінің көзінше және тек учаскелік комиссия ғимаратында өтуі тиіс. Сайлаушының тұрғылықты жері бойынша мерзімінен бұрын дауыс беруге жол берілмейді.
Беларусьте 2015 жылдың басты оқиғасына 7 млн. астам бюллетень басып шығарылды. Резервтік бюллетеньдердің саны 5 пайыздан аспауы тиіс, олар учаскелер бойынша үлестірілген. Президент сайлауы 11 қазан күні өтеді.
Дереккөз: inform.kz