Атырау, 27 қыркүйек 15:43
 дождьВ Атырау +22.9
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Педофил екі жыл бойы балдызы мен оның құрбысын қорлап келген

4 635 рет қаралды

Атырау қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 30 жастағы педофилге қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметтер бойынша, Атырау қаласының тұрғыны Ж. 2013-2015 жылдар аралығында балдызын бірнеше рет зорлап, оның құрбысына қатысты жыныстық бағыттағы әрекеттер жасаған. Қылмыскер мұны бастағанда құрбандары 10 және 11 жас аралығында болған.

Айыпталушы Ж. ҚР ҚК-нің 120-бабы (Зорлау), 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер), 124-бабы (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша айыпты деп танылып, 17 жылға қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айырды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

6 қазан 2015, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.