Атырау, 29 қараша 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жайықтағы серуен

3 871 просмотра

Image 0Фото: Атырау қ. әкімдігінің баспасөз қызметі Қала күнін тойлау аясында Атырау тұрғындарына Жайық өзенімен серуендеуге арналған жаңа өзен кемесін таныстырды. Қызыл лентаны қиған ақсақалдар Есен ТАСҚЫНБАЕВ пен Орынғали ҚАРАСАЕВ оны «Атырау» деп атауды ұсынды: қарапайым әрі жағымды естіледі.

Қазақстандық өндірістен шыққан кемені облыс әкімдігі сатып алып, оны қала балансына берген, ол өз кезегінде кемені «Амангелді» ӨК-не сенімгерлік басқаруға тапсырды. Жаңа кеме жүзу маусымы басталған соң тілек білдірушілер онымен қала аумағында қыдыра алады.

- Кеме заманауи, жайлы, оңтайлы, жауыннан қорғаны бар, - деп рахаттана әңгімелеп берді «Амангелді» ӨК төрағасы Мұрат ӘМІРҒАЛИЕВ. – Сыйымдылығы – 25 адамға дейін. Қонақтардың жайлылығы үшін салқындатылған сусындар мен шағын тіскебасарлар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Техникалық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қонақтардан спирттік ішімдіктер мен шылым шегуден бас тарта тұру сұралады. Су саяхаттары тек кесте бойынша жүргізіледі, ол жолаушы санына байланысты емес.

М.Әмірғалиевтің айтуынша, кеме өз жұмысын, дәлірек айтқанда, келесі жылдың жазына қарай бастамақ. Басқаруға беру шарттары туралы ол жария етпеді, коммерциялық құпия екендігін айтып өтті. Кемені серуендеу мақсатымен жылдың тек төрт айында пайдалануға болатыны айтпаса да түсінікті. Ал қалған уақытта кооператив ешқандай табыс көрмей, оны күтіп ұстап отыруы керек. Белгілісі, әкімдік өзен саяхатын қала тұрғындары мен қонақтары үшін барынша қолайлы және төмен бағамен ұйымдастыру мақсатын қойған.

Кеменің негізгі айлағы – «Атырау» шипажайының маңындағы тұрақ. Алайда судың көтерілуіне байланысты ол өзінің орнын облыс әкімдігі маңындағы тұраққа да ауыстырып отырады. Болжалды маршрут – айлақтан Балықшыға дейін, кейін «Ренко» қонақ үйіне дейін және қайтадан айлаққа барады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 қазан 2015, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.