Атырау, 26 қараша 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Әрбір жапондыққа 12 санды жеке нөмір беріледі

1 713 просмотра

Жапонияның әрбір тұрғынына 12 саннан тұратын жеке нөмір берілетін болды. Бұл нөмірді жапондықтар тұрақты түрде өмір бойы пайдаланады, деп хабарлайды еpochtimes.ru.

Жеке код ел тұрғындарын тіркеу мен есепке алу операцияларын жеңілдетуге жол ашады. Атап айтсақ, бұл нөмір әлеуметтік сақтандыру, салық салу салаларында және табиғи апаттар кезінде адамдарды есепке алу үшін қолданылады. 12 сан жазылған картаны Жапонияда ұзақ уақыт бойы тұрып келе жатқан шетел азаматтары да алуына болады. Осыған дейін Жапония билігі жеке нөмірлерді қолданысқа енгізуге талпынған еді. Бірақ халық бұған қарсы шықты. Жаңалықты қазір де қолдамай отырған тұрғындар «бұл жеке деректер базасын хакерлердің бұзуына мүмкіндік тудырады» деп қауіптенуде. Дайындаған: Г.Абилова

Дереккөз: 24.kz

6 қазан 2015, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.