Ауған кауіпсіздік күштері Кұндыз қаласын толықтай өз бақылауына алды. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі мәлімдеді.
Оның айтуынша, қала толықтай тынышталған, адамдардың көшеде жүріп-тұруына ешқандай қауіп жоқ және мемлекеттік мекемелерге Ауғанстанның туы ілінген. Еске сала кетейік, соңғы аптада қала Ауған әскері мен лаңкестік топтың соғыс алаңына айналған болатын. Давлат Вазири, Ауғанстан қорғаныс министрлігінің өкілі: - Біз қаланы қайтарып алдық. Жау түгелдей жойылды. Олар орналасқан аймақтың барлығы өзіміздің қолға өтті. Қазір Құндыз толықтай өз бақылауымызда.
Дереккөз/фото: 24.kz