Малайзия мектептері көршілес Индонезияны ораған орман өртінен пайда болған түтіннің салдарынан екі күнге жабылды. Бірқатар аудандарда ауа ластануының индексі қауіпті деңгейге жетті. Бұл жайлы РИАНовости АссошиэйтедПресс ақпарат агенттігінің ақпаратына сүйеніп мәлімдейді.
Малайзияның батыс бөліндегі Селангор әкімшілік штатының Шах-Алам қаласында ауа ластануының индексі аса қауіпті деңгейге жетті. Басқа аудандарда экологиялық көрсеткіштер қолайсыз болғандықтан, билік дүйсенбі-сейсенбі күндері мектептерді жабуға мәжбүр болды.
Жексенбіде тұманға байланысты елдегі бірнеше әуежай жабылды. Жыл сайынғы танымал Куала-Лумпур марафоны да өткізілмейтін болды. Агенттіктің мәліметінше, Малайзия премьер-министрінің орынбасары Захид Хамиди Индонезияны жыл сайын келеңсіз жағдайларға душар қылатын орман өртімен күресуге көршілес мемлекеттерден көмек сұрауға шақырды.
Дереккөз: bnews.kz
5 қазан 2015, 16:58
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.