Атырау, 19 мамыр 01:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ Құндыздағы әуе шабуылын тексереді

1 191 просмотра

Image 0Құндыздағы шабуылға ұшыраған аурухана. 3 қазан 2015 жыл.АҚШ Ауғанстанның Құндыз қаласындағы ауруханаға жасалған әуе шабуылын қатаң тексереді.

Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама айтты.

3 қазанда Құндыздағы "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының госпиталіне жасалған әуе шабуылынан 22 адам қаза тауып, 40 адам жарақат алған. Қаза тапқандар 12-cі "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының мүшесі, 10 науқас, мерт болғандардың үшеуі - бала.

Обама оқиғаға қатысты көңіл айтып, оқиға толық тексеріліп біткен соң шешім шығаратынын мәлімдеді.

БҰҰ жоғары төрағасы Зейд Раад ал Хусейн "сот әуе шабуылы қасақана ұйымдастырылғанын анықтаса бұл әскери қылмыс" болатынын айтты.

Солтүстік атлантикалық альянс әуе шабуылы "Талибан" әскеріне қарсы жасалғанынын мәлімдеді.

Қазір әуе шабуылына қатысты Пентагон тексеру бастады. АҚШ әскерилері ұйымдастырушыларды анықтайтынын жеткізді.

Ал "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы Құндыз қаласындағы қызметінін тоқтататынын мәлімдеді.

Дереккөз/фото: azattyq.org

5 қазан 2015, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.