Атырау, 6 желтоқсан 07:46
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Солтүстік Корея АҚШ-қа бейбітшілік жөнінде келісімшарт жасасуды ұсынды

2 049 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер АҚШ бейбітшілік жөніндегі келісімшартқа қол қойса, КХДР Корей жарты аралындағы жағдай бойынша «сындарлы диалог» өткізуге келіседі. Бұл туралы Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Ли Су Ен мәлім етті, деп хабарлады www.rg.ru.

«АҚШ БАҚ арқылы татуластық туралы келісімді бейбітшілік жөніндегі келісімшартқа ауыстыруға келіссе, КХДР үкіметі Корей жарты аралындағы соғыс пен қақтығыстар болмауы үшін конструктивті диалог өткізуге дайын», - деді Ли Су Ен. Оның БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы жалпы саяси пікірталаста сөйлеген бұл сөзін «ТАСС» агенттігі жария етті.
Дипломат мұны мәселені шешу жолында Пхеньян ұсына алатын ұтымды нұсқа деп атады.

Дереккөз: inform.kz

2 қазан 2015, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.