Атырау, 29 қараша 03:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қала күні: қариялардың ақ батасы

4 098 просмотра

Қала күнін тойлау үлкен кісілердің батасын алудан басталды. Атырау әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ 100 жастан асқан тұрғындарды Қарттар күнімен құттықтады.

Бәрінің өмір жолдары ұқсас, бар ғұмырлары еңбекке толы. «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін» деп соғыс кезінде өмір сүрген тыл ардагерлері. Ал ұзақ күттірген бейбітшілік жылдары елді көтеру үшін еңбек ету қажет болды.

Рахым БАЕМИРОВ 101 жаста. Ол өзінің еңбек жолын «Еркінқала» ұжымшарында бастап, 50-жылдардан зейнеткерлікке шыққанға дейін ГНХС (Гурьевнефтехимстрой) тресінде жұмыс жасады. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін де қарап отыра алмай, «Память Ильича» кеңшарында ауыл шаруашылығымен айналысты. Рахым атаның Жеңіс күні меркелік медальдері бар, ал алған мақтау қағаздарының саны жоқ. Алайда ең мақтан тұтатын құндылығы – отбасы: 10 бала, 21 немере және 21 шөбере!

Жамал НИЕТАЛИЕВА – майдан даласында қаза болған сарбаздың жесірі. Соғыс кезінде әйелге тән емес токарьлік мамандықты игеріп, «Казэнергонефть» кәсіпорнында зейнеркерлік жасына дейін еңбек еткен. Бүгінде Жамал апа жалғыз қызының қолында тұрып жатыр, қалған төрт баласы, өкінішке орай, қайтыс болған. Алайда қазір оның 8 немересі және 13 шөбересі бар.

Қансұлу ҮМБЕТЯРОВА Тасқала ауылында тұрады. Соңғы кездері әжейдің денсаулығы сыр бере бастады, ал бұған дейін үй ішінде өзі жүріп, далаға ауа жұтуға шығып тұратын. Қансұлу апаны жалғыз ұлының жесірі бағып отыр.

- Мен осы үйге келгеннен бастап көргенім, анамыз бір тыным тапқан емес, ұжымшарда, балық қалбырлау зауытында жұмыс жасады. Немерелерін бақты, оның 4 немересі және 3 шөбересі бар. Оның ұзақ ғұмыр сүруі осы еңбекқорлығына байланысты шығар, - дейді енесі туралы Рая апа.

Осы күні әкім Ұлы Отан соғысының ардагері Алексей БЕЛОУСОВ пен оның жұбайы Мария Александровнаның Нұрсаядағы жаңа пәтеріне барды.

Өздерінің ұзақ өмір жолдарын естеріне алған ардагерлер бүгінде жастардың өзін көрсетуге мүмкіндіктері мол екенін атап өтіп, туған қаламыз гүлдене берсін деп тілек айтты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

2 қазан 2015, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.