Атырау, 19 мамыр 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Иранның футболдан әйелдер құрамасының сегіз мүшесі ер адам болып шықты

1 694 просмотра

Image 0Фото: Ali Jarekji / Reuters. АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның футболдан әйелдер құрамасының сегіз мүшесі ер адам болып шықты. Олар жынысын өзгерту бойынша ота жасалуын күтіп отыр. Кейбіреулері бұрын ерлер арасындағы жарыстарға қатысқан. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Иран футбол лигасының ресми өкілі Модтаби Шарифи жынысын өзгертуге ниетті ерлердің аты-жөнін атамады.

Дауға байланысты ирандық футбол билігі әйелдер құрамаларының барлығының жынысын анықтауды тапсырды, деп жазды lenta.ru. әйелдер құрамасының сегізіне санкциялар қолданылатыны не қолданылмайтыны туралы хабарланбады.

Бұл ирандық футболдағы алғашқы дау емес. 2014 жылы Иранның әйелдер құрамасының төрт ойыншысы гендерлік тестен өтпеген соң уақытша жарыстан шығарылды. Осыған ұқсас жағдай 2010 жылы болған.

Иранда жынысты ауыстыру бойынша ота жасауға 1979 жылдан рұқсат берілген.

Дереккөз: inform.kz

2 қазан 2015, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.