Атырау, 19 мамыр 00:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Венгрия Хорватиямен шекарасын жаппақ

1 385 просмотра

Image 0Хорватиямен шекарада қоршау тұрғызып жатқан венгр шекарашылары. 20 қыркүйек 2015 жыл.Сербиямен шекарасын жапқан Венгрия билігі енді Хорватиямен шекарасын жабуға дайындалып жатыр. Будапешт бұған қоса Германия мен Австрия жаңа мигранттарды қабылдауға дайын, я дайын емесін білдіруді талап етеді.

Венгрия премьер-министрі аппаратының басшысы Януш Лазар Вена бұған дейін пана сұраған босқындардың Австрия мен Германияға өтуіне мүмкіндік беретін транзиттік дәліз құру ұсынысын қабылдамай тастағанын мәлімдеген. Лазардың сөзінше, бұл шаралар Хорватиямен шекараны жапқаннан кейін ғана іске асады.

Хорват полициясының мәліметі бойынша, Хорватия аумағы арқылы 1 қазанға дейін Батыс Еуропаға баратын 90 мыңнан астам мигрант өткен. Олардың көпшілігі тікенек сым темір тартылған Венгрия-Сербия шекарасын айналып өту үшін Сербиядан Хорватияға, одан ары Венгрияға барады.

Дереккөз: azattyq.org

2 қазан 2015, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.