Атырау, 7 қазан 21:30
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ресей ИМ содырларының нысандарына авиасоққы беруді бастады

2 085 просмотра

Image 0Фото: © РИА Новости / Владимир АстапковичАлматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Ресей Сирияда ИМ содырларының нысандарына авиасоққы беруді бастады; барлық нысандар жойылды, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар.

Еске салсақ, Ресей сәрсенбі күні Сирияда әскери операцияларға кірісті. Олардың нысандары ИГИЛ террорлық ұйымының Сирияның батысындағы Хама, Хомс және Латакия қалаларының маңындағы позициялары болды.

РФ қорғаныс министрлігі хабарлағандай, барлық нысандар жойылды.

«Бүгін (30 қыркүйекте – ҚазТАГ) Сирияның «Хмеймим» аэродромында орналасқан ресейлік авиациялық топ халықаралық террорлық ИГИЛ ұйымының нысандарына соққы берді. Заманауи ату кешендерімен жабдықталған соққы беретін авиация ұшақтары сегіз нысанға соққы берді. Ол нысандар қару жарақ, жағар-жанар май қоймалары, әскери техника, басқару пунктері, байланыс тораптары, ИГИЛ содырларының көлік құралдары болатын. Барлық нысандар жойылды», - делінген ведомство сайтындағы хабарда.

Бұл ретте содырлардың таулы аймақтарда орналасқан басқару пункті мен террорлық құрылымдарды басқару штабы толығымен жойылды.

«Қазіргі кезде ұшақтар техникалық қызмет алып, әскери тапсырмаларға сай ұшуларға дайындықтан өтуде», - делінген қорғаныс министрлігінің хабарында.

Сондай-ақ ведомство сайтында ресейлік ұшақтар нысандарды қалай бомбалап жатқаны туралы бейнекөрініс жарияланған. Бұл ретте жекелеген БАҚ-тар маңайына ресейлік ұшақтар шабуыл жасаған Хомса қаласының тұрғындарына сілтемелеп, қаланы «Ислам мемлекетінің» содырлары бақылап отырған жоқ деп хабарлады. Одан басқа, Сирияның азат армиясының (АҚШ және оның одақтастарының қолдауымен Асад режимімен соғысуда) өкілдері ресейлік ұшақтар ИГИЛ-дің позицияларын емес, Хама провинциясындағы штаб-пәтеріне шабуыл жасауының нәтижесінде 8 жауынгер зар дап шеккенін хабарлады. Ал оппозициялық күштердің басшысы Халед Аль-Ходжа Twitterде жазғанындай, Хомс провинциясының солтүстігін бомбалау кезінде 36 бейбіт тұрғын, оның ішінде 3 бала қаза болды деп хабарлады.

Батыс БАҚ-тарының мәліметтерінше, ИГИЛ содырлары соңғы кездері Хомса мен Хам ауданында шабуылдар жасап жүргенімен, ол жерлерде тұрақты базасы жоқ екен. ИГИЛ-дің Сириядағы ең басты тірегі, елдің солтүстігіндегі Ракка қаласы болып табылады. Ол «халифат астанасы» деп жарияланған.

Бірақ Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова ол хабарларды «жалған шатастыру» деп атады.

«Ресей бұдан бұрын да бірнеше рет мәлім еткендей, ресми Дамаскінің өтінішімен ИГИЛ-ге қарсы операция бастамай тұрып-ақ, Сергей Лавров БҰҰ ҚК-де сөз сөйлеп үлгермей тұрып-ақ, ресейлік операция барысында бейбіт тұрғындар қаза болуда деген «жалған шатастыру» ақпараттар жариялана бастады», - деп мәлім етті М.Захарова.

Бұл ретте Ақ үйде, Ресей қандай нысандарға соққы бергендігі туралы мәлімдеме жасау ерте деді.

Еске салсақ, сәрсенбі күні федерация кеңесі РФ қарулы күштерін Сирияда қолдануды мақұлдады. Федерация кеңесінен сұраған президент Влалдимир Путин болатын. Сол күні Ресей Сирияға әскери авиациясын жіберді.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Сергей Ивановтың айтуынша, әскери көмек сұраған Сирия басшысы Башар Асад болыпты. АҚШ пен оның одақтастары Сирия мен Ирактағы ИГИЛ позицияларына 2014 жылғы тамыз айынан бері авиасоққы беріп келеді. Барлығы қыркүйек ортасына 6 мыңнан астам соққы берілді. Коалицияға формальды түрде 62 мемлекет қосылғанымен, шын мәнісінде, белсенді түрде оннан азы ғана әрекет етуде.

Дереккөз: ҚазТАГ

1 қазан 2015, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.