Атырау, 18 желтоқсан 11:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Оқиғалар тізбегі

2 851 рет қаралды

Полиция қызметкерлері 23 жастағы Атырау қаласы тұрғынын ұстады. Ол үстіміздегі жылдың тамыз айында Самал ықшамауданында тұратын 50 жастағы әйелдің коттеджіне кіріп, жалпы сомасы 500 мың теңгеге жуық қолма-қол ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Тергеу жүріп жатыр.

* * *

Дамбыдағы Атырау ауылындағы жеке үй ауласынан «Стелс» велосипедін ұрлағандар анықталды. Великті көрші Амангелді ауылының 10 және 12 жасар тұрғындары ұрлапты.

* * *

Полиция бұдан жарты жыл бұрын Алмалы ауылының көшесінде тұрған КамАЗ-дің 45 мың теңге тұратын аккумуляторын ұрлаған Атырау қаласының 57 жастағы тұрғынын ұстады.

* * *

Полиция Атырау қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Ол маусым айында Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылындағы салынып жатқан үйден 10 жылыту радиаторы мен темір есік ұрлады деп күдіктелуде.

* * *

«Бекіре» операциясының күзгі кезеңі барысында Ганюшкино ауылындағы Шарон өзенінде моторлы қайыққа мінген 58 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның қайығынан бір қап қара балық және 11 бекіре табылды.

* * *

Қырық жастағы әйел интернет арқылы келбетті ер адаммен танысады, ал кездесу кезінде жігіт күш көрсетіп, оның «Самсунг» ұялы телефонын тартып алады. Әйел полицияға хабарласып, 28 жастағы күдікті ұсталды.

* * *

25 және 27 қыркүйек аралығында Атырау қаласында «Мас жүргізуші – қылмыскер!» операциясы жүрді. 19 мас жүргізушімен бірге 9 адам рульде телефонмен сөйлескені, 11-і жылдамдықты арттырғаны, 11-і қарсы жолаққа шыққаны үшін ұсталды.

* * *

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот азамат А.Ш.-ны заңсыз есірткі заттар сатқаны үшін кінәлі деп таныды. 2015 жылдың ақпанында ол 3 грамм қарасораны 5 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталды. Пәтерін тексергенде тағы 35,9 грамм табылды. Үкім – дүние-мүлігі тәркіленіп, 5 жыл бас бостандығынан айырылды.

1 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.