Атырау, 19 мамыр 20:05
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аудан жаңалықтары

2 150 просмотра

Қызылқоға

Қызылқоға ауданында 457 отбасының үйлері газдан ажыратылады.

Бұл отбасылар өз үйлерінде жаппа пеш және қолдан жасалған жылу қазандығын орнатып алған. Ал бұл тұрмыста газ пайдалану ережесіне қайшы келеді. Аудан әкімдігінде өткен мәжілісте тұрғындарға бірнеше ескертулер берілгенімен орындалмай отыр. Осы себепті заң бұзғандардың үйлері газдан ажыратылатын болды.

******

Жылыой

Жылыой ауданында 87 мың мал сырғаланған.

Аудандық ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, қазанда 60 мыңға жуық сырға келетін болып шешілген.

*****

Индер

Индер ауданында ауданның негізі қаланғанына – 80 жыл, аудан орталығы болғанына 50 жыл толуына орай көшелер арасында «Жасампаз елім - Дендерім» атты мереке ұйымдастырылды.

Шахтер, Проезд, Бозекенов көшелері тұрғындары мереке көрігін қыздырып, өнерден шашу шашып, қолөнер және стенділер жасақтап, келушілерге ұсынды.

Индер ауданында егістік алқап 1170 гектарға жеткізілетін болды.

Оның 418 гектарына тамшылатып суару әдісі қолданылмақшы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.