Атырау, 18 сәуір 23:21
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Тылсым сырлы асыл тастар көрмесі Атырауда

6 861 просмотра

Бұл күндері әр атыраулық күміс пен алтынның және минералды тастардың жалтылының әсерімен жақсы көңіл-күйге бөлене алады. Сариев атындағы облыстық өнер мұражайы тек сұлулықты тамашалауға ғана емес, оны сатып алу мүмкіндігіне де шақырады.

Бізді тікелей залға қарай өтетін баспалдақтың түбінде көрме-жәрмеңке ашылған жерде нәзік жандылардың абыр-дабыры қарсы алды. Әйелдер бағалы тастарды жарыққа тосып қарап, өздеріне тағып көріп, олардың әсемдігіне сүйсініп жатты. Ал олардың жабырқаңқы серіктері әмияндарын жауып үлгерер емес. Сақиналардың, білезіктердің, сыйкәделердің, сырғалардың көптігі сондай, бес минуттан кейін көз алдың бұлдырап, өзіңе тек біреуін ғана таңдап алу мүмкін болмай қалады екен.

«Ресей мен Қазақстан арасында ашылған шекараның арқасында Атырауға келудің сәті түсті, - дейді Алтайдан өз бұйымдарын әкелген көрмеге қатысушылардың бірі Виталий ВОДОЛАЗКИН. – Енді біз Атырауға үнемі келіп тұруды жоспарлап отырмыз. Сатып алушылардың көптігіне қарағанда, біздің өніміміздің керемет болғаны. Қазақстанға алғаш барған қаламыз Өскеменде мұндай дүрлігіс болған жоқ. Атыраудан кейін Ресей қалаларын аралайтын боламыз».

Жәрмеңкеде бар болғаны Ресей мен Арменияның екі жүзден астам шеберлерінің бұйымдары ұсынылған. Таза хрусталь, жасыл хризопраздар, көкшіл түсті аметистер, сары халцедондар – мұның бәрі осы жерде, бәрі де көзді қуантады. Тас көпіршігінің ішінде топаздардың, сутастың, жасыл ақықтардың және мориондардың кристалдары жалт-жұлт етеді.

Табиғи тасы бар күмістен жасалған әшекейлердің үлкен коллекциясын, сондай-ақ асыл тастардан жасалған кәдесыйларды Ашхен ВАРТИКЯН (суретте) әкеліпті. «Ең арзан бұйым бағалы тастан жасалған көзі бар жүзік болатын, ол 7,5 мың теңге тұрады. Ал ең қымбаты – жоғарғы сынамадағы күмістен жасалған жүзігі, сырғасы, білезігі бар әшекей. Оның құны 300 мың теңге. Менің коллекциямда Арменияның 40 шеберінің еңбектері ұсынылған. Барлық жұмыстар қолдан жасалған және бір-бір данадан», - деп әңгімелейді Ашхен.

Екатеринбургтық сатушы Ирина НИКОЛАЕВАДА чароит деп аталатын сирек кездесетін минерал бар боп шықты. Оның айтуынша, бұл тас 1977 жылы табылған екен. Осы жылдар ішінде оның қоры сарқылып қалған көрінеді. Чароит тасы бар мойыналқаны 10-12 мың теңгеге сатып алуға болады.

Кәдесыйларға құмар жандар классикалық малахит қобдишалар мен ағаш кәдесыйлар таба алады. Ұсақ тастары бар мойыналқалар мен кішкентай жүзіктерді 500 теңгеге сатып алуға болады. Айта кетелік, сатушылар қуана саудаласады. «Мұның бағасы мынадай, бірақ мен бір-екі жүз теңге түсіремін», - дейді әдеттегідей. Кез-келген ниет білдіруші өз жұлдызнамасы бойынша тас таңдай алады. Бұл тұрғыда сатушылар керемет мамандар боп көрінді.

Асыл тастар жәрмеңкесі жексенбіге дейін жалғасады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген В. Истомин

3 қараша 2011, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.