Атырау, 20 мамыр 00:25
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Болгарканы» ұрлап, трактормен қыдырған

1 783 просмотра

Махамбет аудандық соты жұмыс орнында жатқан нәрселерді оңай алып кете беретін жас жігітке үкім шығарды.

Б.А. «Мәмбеталиев» шаруа қожалығынан «Бош» дәнекерлеу аппаратын, «болгарка» ұрлап, тракторды «қыдыру үшін» рұқсатсыз айдап кеткен. Бір қызығы, ол осы жерде күзетші болып жұмыс жасайды екен.

Оны ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») және 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша соттады. Сот Б.А.-ның жастығын және шын көңілімен тәубеге келуін ескеріп, екі қылмыс үшін 2 жылға бостандығын шектеуге және 120 сағат мәжбүрлі еңбекке тартуға үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.