Атыраулық немістер нағыз бавар сырасының бөшкесін ашты - өткен сенбіде қаламызда дәстүрлі Октоберфест ашылды.
Мюнхендік сыра фестивалінің 200 жылдан астам тарихы бар. Көңілді де жомарт сыра мерекесіне әйгілі мюнхендік Тереза көгалына 5-6 миллион қатысушы жиналады. Алайда Бавария алыста, еуро қымбат, алайда шұжық пен сырадан дәм татқың келеді. Мерекеге бара алмайсыздар ма? Онда мереке сіздерге өзі келеді! – деп Атыраудағы Wiedergeburt (Видергебурт) неміс қоғамының өмірлік қағидасын тұжырымдауға болады. Олар неміс консулдығымен бірлесе отырып, алтыншы рет өздерінің халықтық мерекелеріне барлық жерлестерін жинап отыр. Биыл Октоберфест Атырау-2015 шарасының бас әріптесі «Ренессанс Атырау Мэрриот» қонақ үйі болды, ол фестиваль өткізуге өзінің жазғы алаңқайын берді. Негізгі демеуші 4 түрден
- Біз бүгін 200-дей қонақ келеді деп күтіп отырмыз, - дейді бас менеджер Джон МАТИЕС. – Егер тағы да сыра мен шұжық керек болса – бүгін кіру тегін ғой – қосымша жеткізу үшін тапсырыс берушілермен жасалған келісім бар.
- Октоберфест – бұл тек көңілді музыка мен тостағандардың шылдыры емес, ереже бойынша, таңға жақын қонақтар өз төсектерінде емес, осында жатуы керек. Ұйымдастырушылар ретінде осындай жайсыздықтарға дайынсыздар ма?
- Әрине, шектеу қойылмайды, - деп күлді ұйымдастырушылар. – Алайда біз мереке мәдениетті түрде өтеді деп үміттенеміз. Біз осындай мерекені бірінші рет өткізіп отырған жоқпыз, шотландтық диаспора жыл сайын өздерінің «Хогманай» мерекесін өткізеді, яғни, тәжірибеміз бар.
Мерекелік көңіл күйді облыстық филормонияның әншілері мен Ақтөбеден келген «Фиалка» неміс қыздарының ансамблі сүйемелдеді.
Фестивальдің ашылуы сенбі мен жексенбі күндеріне келді, кіру тегін болды, алайда дресс-код талаптары қойылды: үстіңде бавариялық костюм немесе оның бір пұшпақтары, бавариялық түстегі немесе неміс туы түстес әшекейлер болуы шарт. Октоберфест 10 қазанға дейін жалғасады, мұнда қонақтардың сыртқы түріне еш талап қойылмайды, алайда тегін сыра да болмайды. Сыра фестивалін жабуға Германияның бас консулы фрау Ренате ШИМКОРАЙТ келмек.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор