АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық әскерилер 5 күн теңізде өздері жасаған тоңазытқыштың ішінде қалған екі балықшыны құтқарды. Олар елдің Тынық мұхиты жағалауындағы Синалоа штаты Альтата қаласынан 90 шақырым жерден табылды, деп хабарлады жексенбі күні «Универсаль» газетінен, деп жазды ТАСС.
Әскерилер құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетіп, Альтату дәрігерлеріне жеткізді. Балықшылар айтқандай, олар 21 қыркүйекте теңізге шыққан, алайда келесі күні олардың шағын кемесі батып кеткен. Олар ұзындығы бір жарым метрлік, ені мен тереңдігі бір метрлік пенопласттан жасалған тоңазытқышқа жармасқан.
Балықшыларды құтқарушылар туыстарының хабарлауынан соң ғана іздей бастаған. Шараға патрульдік кеме мен ұшақ тартылды.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау -11