Атырау, 29 желтоқсан 22:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Ресейде 2 айда 700 тоннадан көп азық-түлік жойылды

1 371 рет қаралды

Image 0Ресейде тамыздың басынан бері санкцияға ілінген 700 тоннадан астам азық-түлік жойылды деп хабарлады Россельхознадзор мекемесі.

"27 қыркүйекке дейін 676 тонна контрабандалық дәнді-дақыл тәркіленіп, жойылды. 318 тонна мал өнімі тәркіленіп, оның 62 тоннасы жойылды" деген Россельхознадзор хабарламасында.

Биыл 29 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин санкцияға ілінген азық-түлікті жоюды бұйырған.

2014 жылы Батыс елдері Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы қақтығысқа киліккені үшін Ресейге экономикалық санкция салған. Бұдан соң Мәскеу оған жауап ретінде Батыс елдерінен келетін азық-түліктің көпшілігіне эмбарго қойған.

Тамыз айында жүз мыңдаған адам тәркіленген азық-түлікті жоюға қарсылық танытып, керісінше оны тұрмысы нашар отбасыларға таратуды ұсынған петицияға қол қойған.

Дереккөз: azattyq.org


28 қыркүйек 2015, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.